"Қамқорлық" акциясы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ақпан
2017

"Қамқорлық" акциясы

Алматы қаласы Алатау ауданы "А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында жалпы республикалық "Қамқорлық" акциясы жүргізіліп жатыр. Акция бойынша жұмыс жоспары жасалып, сол жоспар негізінде іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Акцияның негізгі міндеті - әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, қамқорлыққа алынған, аз қамтылған отбасы балаларына метериалдық жағынан көмек көрсету. Осы мақсатпен мектептің асханасының арендаторы жағдайы төмен 10 оқушыға мектептік форма-ақ жейде алып берді. Мұғалімдер тарапынан қаржылай ақша жиналып аяқ киім, сырт киім алып берілді (5 оқушыға). Жақында ғана үйі өртенген отбасыдан шыққан екі оқушыға азық-түлік, аяқ киім берілді. Сонымен қатар, көп балалы, пәтер жалдап тұратын жағдайы өте төмен 10 оқушыға азық-түлік, киім-кешек, спорттық доптар үйлестірілді. "Қамқорлық" акциясы
"Қамқорлық" акциясы
"Қамқорлық" акциясы
"Қамқорлық" акциясы