Қызметкерлер туралы мәліметтер » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қызметкерлер туралы мәліметтер
29
қазан
2015

Қызметкерлер туралы мәліметтер

Мектеп әкімшіліктері туралы мәлімет:

Мектеп директоры :  Доланбаева Ляззат Бекбосыновна 
Диретордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары:  
1.Бақтыбаева Бақжамал Қаламовна
2. Байтокаева Улшат  Шадматовна, 
3.Есжанова Айжан Есиркеповна
4. Дусенбаева Бақытгул Ракишовна
Диретордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары:
1.  Бүркітбаева Гулмира Жолдасбаевна
2. Абдрахманова Айжан Отаргазиновна
 

Мұғалімдер  туралы мәлімет:

Мұғалімдер саны – 133
Жоғары санатты - 41 мұғалім
Бірінші санатты – 32 мұғалім
Екінші санатты – 24 мұғалім
Санатсыз -36  мұғалім
 

Оқушылардың жетістігі   туралы мәлімет:

Мектебіміздің «Алатау» КВН командасы Республикалық «Жайдарлы  Жас Ұлан»
зияткерлік ойыны маусымашарында өз өнерін көрсетіп, І орынды иеленгені үшін,
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице – министірі – М.Әбенов диплом табыс етті.
-          «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Алматы КВН өкілдігі ұйымдастырған Алматы қалалық
«Student Live» чемпионатының 1/8  бәсекесінде өнегелі өнер көрсеткені үшін «Алатау»
Командасын Алматы КВН өкілдігінің директоры Х.Ердехан мадақтама грамотасымен
марапатталды.
-          «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Алматы КВН өкілдігі ұйымдастырған Алматы қалалық
«Student Live» чемпионатының ¼ - бәсекесінде өнегелі өнер көрсетіп, ½ жартылай финалдық 
бәсекеге жолдама алып, Х.Ердехан мадақтама грамотасымен марапатталды.
-           «Қазақстан КВН Одағы»  аясында өткен Республикалық Алматы Ашық лигасы
ойындарының ¼ - финалдық бәсекесінде өнегелі өнер көрсетіп, ½ финалдық  сайыстарға
жолдама алған «Алатау» КВН командасын «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті
Е.Елеукеннің дипломымен марапатталды.
-          Мектебіміздің 4 «А» сынып оқушысы Мұқаш Іңкәр  Бурабайда өткен мектеп оқушылары арасындағы үшінші Республикалық «Тойжарыс» радиобайқауында «Ән салу» номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
-           Аудандық «Жұлдызды сәт» өнерлер байқауына қатысып, тамаша өнер көрсеткені үшін Алишев Нұрдаулет №1 оқушылар үйінің директоры Л.А.Жұмабекованың дипломымен марапатталды.
-          Аудандық «Жұлдызды сәт» өнерлер байқауына қатысып, тамаша өнер көрсеткені үшін «Битбокс» триосы №1 оқушылар үйінің директоры Л.А.Жұмабекованың мадақтама грамотасымен марапатталды.
-          РББЖ «Жас ұлан» ұйымдары арасында «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты «Елбасының жолдауын қолдаймыз!» тақырыбында өткен аудандық жарысқа белсенді қатысып, тамаша өнер көрсеткені үшін мектебіміздің «АЛАШ» тобы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, мадақтама грамотасымен марапатталды.
-          Мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы Тұрсынбаева Лаура Алматы қаласында өткен «Каратэ бойынша қысқы кубокта»  жүлделі І орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
-          Тұрсынбаева Лаура ҚР туризм және спорт министрлігінің испорт комитеті ұйымдастырған каратэден І орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
-          Тұрсынбаева Лаура Семей қаласында ұйымдастырылған Юниорлар арасындағы шито-рю каратэ-до бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
-          Қапшағай қаласында өткен ашық чемпионатта ІІІ орынды иеленген Тұрсынбаева Лаура дипломмен марапатталды.
-          2014-2015 оқу жылында  мектебімізде 2 оқушы «Алтын белгі»  иегері атанды.
1.      Бақытжан Дәулетай
2.      Мираш Ақнара
-          2015-2016 оқу жылында  мектебімізде 3-оқушы «Алтын белгіге » үміткер.
1.      Оразбай Әділет.
2.      Дайрабекова Айдана
3.      Жасұланқызы Інжу