"Бүкіл әлем менің сыныбымда" тақырыбында аудандық үздік сынып
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 02.12.2023 ж күні "Бүкіл әлем менің сыныбымда" тақырыбында аудандық үздік сынып жетекшілер сайысы өтті. Мақсаты: мектепте тәрбие жұмысының сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту, сынып жетекшісінің қызметін жүзеге асыратын педагогтерді кәсіби жетілдіру. Мектебімізден аталған сайысқа 5"А" сынып жетекшісі Қапсаланова Айгерім Құрманжанқызы қатысып "Шебер сынып жетекшісі" номинациясы бойынша дипломмен марапатталады.