Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Отбасы-шабыт көзі» атты тақырыпта кітап көрмесі » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Отбасы-шабыт көзі» атты тақырыпта кітап көрмесі
14
қыркүйек
2021

Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Отбасы-шабыт көзі» атты тақырыпта кітап көрмесі

     Мектеп кітапханасында оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Отбасы-шабыт көзі» атты  тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Көрменің мақсаты: отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын  

                                     бесігі екенін түсіндіру, өскелең ұрпақты өз отбасына 

                                     деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық,  

                                     мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге  

                                     қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

  Отбасылық құндылықтарды насихаттау –бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі.Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсетер әдебиеттер қамтылды. 

Көрмеге қатысқан оқырмандар, ұсынылған әдебиеттерге өз қызығушылықтарын таныта отырып, отбасының аса маңызды құндылық екені жайлы, өздеріне қажетті мағлұмат алды.