Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айналамдағы заттарды санаймын. 10-ға дейінгі реттік санау» тақырыбында ашық сабақ
15
қараша
2021

«Айналамдағы заттарды санаймын. 10-ға дейінгі реттік санау» тақырыбында ашық сабақ

А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектепте "Жас келсе іске!" атты апталық басталды. Апталықтың мақсаты: тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандар арасында тәжірибе  алмасу, жас мамандардың сабақтарындағы ерекшеліктерін байқау.

15 қараша күні бастауыш сынып мұғалімі Байманова Айнагул математика пәнінен «Айналамдағы заттарды санаймын. 10-ға дейінгі реттік санау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау. 

Сабақта мұғалім ұйымдастыру кезеңінде  шаттық шеңберін құра отырып, оқушылар бір-біріне  сәттілік тілеп бастады.  Жаңа тақырыпты көрнекілікті және интербелсенді тақтаны пайдалана отырып түсіндірді. Оқулықта берілген тапсырмаларды оқушылармен ауызша талдап, түсіндіріп тақтада және дәптерде орындатты. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, қима сандарды, тақырыптық суреттерді пайдаланды. Оқушылардың жаңа сабақты меңгердігін анықтау мақсатында «Жетістік баспалдағын» пайдаланып,  сабаққа кері байланыс берді. Мұғалім оқушыларды сабақ барысында берген жауаптарына қарай смайликпен бағалап отырды. Мұғалім сабақтың мақсаттарын қамти отырып, талапқа сай сабақ өтті. Бұл сабақтан жас мамандардың үйренері  көп болды.