"Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі" тақырыбында ашық сабақ » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі" тақырыбында ашық сабақ
21
желтоқсан
2021

"Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі" тақырыбында ашық сабақ

Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 2021жылдың 21 желтоқсан күні тәлімгер - химия пәні мұғалімі  Джабалиева Манат Аханқызы 9 "А" сыныбына  «2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары. № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Сілтілік жер металдарының жалпы физикалық қасиеттері;
    2 топ металдарының химиялық қасиеттерін: магний мен кальцийдің ауада жануы, олардың бейметалдармен, сумен, сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін білу.Мұғалім сабақта  " Миға шабуыл" . Сілтілік және сілтілік жер металдарына Венн диаграммасымен айырмашылығы мен ұқсастығын табу, «Сәйкестікті тап» , "Ойлан, топтас, бөліс" әдістерін тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды
№ 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі"
Болжам жасау: оқушылар тәжірибені жасап, реакция теңдеуін жазып түсіндірді.
 «Сандар сөйлейді» әдісін пайдалану арқылы сабақты бекітті. Сабақ өте жақсы өтті.