Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «This is the way» тақырыбында ашық сабақ
27
қаңтар
2022

«This is the way» тақырыбында ашық сабақ

А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектепте 27.01.2022ж ағылшын тілі пәні мұғалімі Сыйқимбекова Шолпан  1 «Ғ»  сыныбына «This is the way»  тақырыбында  ашық сабақ өтті. 
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың оқу,айту және тыңдау дағдыларын жаттықтыру. Оқушылардың транспорттық сөздердің жазылуын және айтылуын дамыту.
Оқушылардың қысқаша ауызша мәтінді тыңдау және түсіну қабілеттерін дамыту. Мектепке қалай жетуге болатыны туралы сөйлеуге машықтандыру.
Бұл сабақта етістіктердің жазылуы мен айтылуына, көлік пен сөздерге назар аударылады.
Оқушылар сөйлеу және жазу тапсырмаларын орындауда тілді қолдануға жаттығады.
Оқытудың соңғы нәтижелері: оқушылар көлік түрлері  туралы айта алады және көліктерді сипаттай алады.Топтық жұмыс, жеке жұмыс және интерактивті тақтамен жұмыс болды.