«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында өмірге деген белсенділіктерін арттыру үшін челендж » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында өмірге деген белсенділіктерін арттыру үшін челендж
02
ақпан
2022

«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында өмірге деген белсенділіктерін арттыру үшін челендж

Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұры, әрі ең басты қуат көзі. Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң, өз өміріне сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.
Осы ретте А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ  мектебінің оқушыларымен Өзін-өзі тану пәнінің 10 күндігі аясында,«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында өмірге деген белсенділіктерін арттыру үшін челендж ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілікті танытып, оны құрмет тұтуға баулу арқылы «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу. Жастарға риясыз сүйіспеншілік туралы түсінік бере отырып, өмірді жақсы көруге, мейрімділікке, ізгілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Сүйіспеншілік түсінік туралы Ұлы данышпан Абай атамыз «Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» дегендей, адамның өзгелерге деген қатынасының бастауы. Оларды жақсы көруден, сыйлаудан және оларға деген сүйіспеншіліктен басталады. Сүйіспеншілік ол өзгелерге көрсетілетін ыстық бауырмалдық сезім.
Әрбір адам бойындағы сүйіспеншілігін көрсетуі, өзіне қымбат жандарға деген сезімін сөзімен де, ісімен де білдіруін айтамыз.