XXII съезі » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2022

XXII съезі

А.Қарсақбаев атындағы №41  жалпы білім беретін мектепте партияның 1.03.2022 жылы кезектен тыс өткен XXII съезінің күн тәртібімен қабылданған шешімдері ұжым мүшелерімен талқыланды. Жиналыста партияның кезектен тыс 22-ші Съезінің онлайн форматта өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысқандығы айтылды.  23 жыл бұрын 1 наурызда партияның құрылтай Съезі өткен.  Партия Төрағасының 28 қаңтарда өткен съездегі модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарлама талқыланып, оны съезд делегаттары бірауыздан мақұлдады. Осыған орай, Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді, партияның жаңа атауын съезд делегаттары да бірауыздан қолдады. 
Съезд шешімімен Жарғыға тиісті өзгерістер енгізіліп, партияның жаңа атауы мен белгісі бекітілгені айтылды. Ұжым мүшелері тарапынан партия саласындағы мемлекеттік маңызы бар өзгерістерге қолдау білдіретіні туралы пікірлер айтылып, бірауыздан мақұлданды.