20
сәуір
2022
“Нұр-Сұлтан мен Алматы. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер” тақырыбында ашық сабақ
20.04.2022 жылы А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектебінде “Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз” атты жас мамандар апталығының аясында жас маман Достарбек Акерке Алмазқызы 1”В” сынып білім алушыларымен ана тілі пәнінен “Нұр-Сұлтан мен Алматы. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Бас әріппен жазылатын сөздерді(кісі аттары,жер-су атаулары,жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау.
Мұғалім сабақты "Менің көңіл - күйім" әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырумен бастады. Қала аттарын пайдалана отырып, топқа біріктірді. Өткен тақырып пен жаңа тақырып арасындағы байланысты “Бес қадам” әдісі арқылы жасады. Оқушыларға топтық тапсырмалар орындатып, кітаппен, дәптермен, тақтамен жұмыстарды жасатты. Сабақ барысында "Қарындаштар" әдісі, "Ашық микрофон" әдістерін тиімді қолданды.