9 сыныптардың қорытынды аттестациясы туралы ата-аналар жиналысы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 сыныптардың қорытынды аттестациясы туралы ата-аналар жиналысы
30
сәуір
2022

9 сыныптардың қорытынды аттестациясы туралы ата-аналар жиналысы

ДОІЖО Б.Қ.Бақтыбаева  мектептегі 9 сыныптардың қорытынды аттестациясы туралы айтты. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады. Жалпы орта және негізгі білім берудің оқу бағдарламасын меңгерген барлық мектеп бітірушілер үш міндетті және бір таңдау пәні бойынша емтихан тапсырады. Қазақ тілі пәнінен эссе, алгебра пәнінен жазбаша, орыс тілі пәнінен жазбаша және таңдау бойынша пәндерден тапсырады. Жиналыста ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі, тәртібі, форма  туралы айтылды. Мамандық бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатында қысқаша мағлұмат берілді.