“Судағы қауіпсіздік негізгі ережелері” тақырыбында лездеме » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Судағы қауіпсіздік негізгі ережелері” тақырыбында лездеме
18
мамыр
2022

“Судағы қауіпсіздік негізгі ережелері” тақырыбында лездеме

18.05.2022 жыл А.Қарсақбаев атындағы  №41 жалпы білім беретін мектебінде 5-7 сыныптар арасында “Судағы қауіпсіздік негізгі ережелері” тақырыбында лездеме (ленейка) ұйымдастырылды. 
        Мақсаты: 
•    Оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру;•    Балалардың суға шомылу қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру; Суға шомылудың негізгі ережелері түсіндірілді.
–Суға шомылатын жерді, оның тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріңіз;
–Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
–Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыз;
–Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;
–10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;
–Аяқ-қолыңыздың сіңірі тартылған жағдайда сасқалақтамаңыз, су бетінде қалып, адамдарды көмекке шақыруға тырысыңыз;
–Қоршау белгілерінен тыс аумаққа шықпаңыз;
–Техникалық ескерту белгілерінің үстіне шықпаңыз.