Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Квадрат теңдеулерді шешу.Виет теоремасы» тақырыбында ашық сабақ
07
желтоқсан
2022

«Квадрат теңдеулерді шешу.Виет теоремасы» тақырыбында ашық сабақ

07.12.2022 жылы А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектебінде «Ұстаз болу- ұлы міндет» атты тәлімгер ұстаздардың апталығының аясында Намангенова Нуржан Нұрғалиқызы 8 «А» сынып білім алушыларымен алгебра пәнінен «Квадрат теңдеулерді шешу.Виет теоремасы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты:квадрат теңдеудің түбірлерін анықтау үшін Виет теоремасын және оған кері теореманы қолданып, күрделі есептерді тиімді тәсілдер арқылы шығару.
Мұғалім сабақты үстел үстіндегі қағаз қиындысын таңдау арқылы топтарға  біріктіру арқылы бастады.
Сабақ барысында «Көршіңді тексер», «Ой қозғау», «Ойыңды жинақта», «Сәйкестендіру», «Пікір алмасу» әдіс-тәсілдерін қолдана білді.Сабақты қорытындылау мақсатында тест «QUZIZZ» бағдаламасын қолданды. «Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді.Сабақтың соңында оқушыларды фишкалар арқылы бағалады.