"Мен Алматы тарихын білемін" атты қалалық байқауының жеңімпаздары! » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мен Алматы тарихын білемін" атты қалалық байқауының жеңімпаздары!
15
қыркүйек
2023

"Мен Алматы тарихын білемін" атты қалалық байқауының жеңімпаздары!

"Тарихың-тамырың" демекші, өткен ұрпақтардың рухани мұрасын игеру, тарихи сананы қалпына келтіру, елдің гүлденуі мен қоғамдық сананың жаңғыруына негіз болады. Қала күні мерекесіне орай,  жастардың Алматы қаласына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, "Алматы қалалық музейлер бірлестігінің" ұйымдастыруымен өткен "Мен Алматы тарихын білемін" атты қалалық байқауға қаланың жалпы білім беру мектептерінің, лицей және гимназиялардың жоғары сынып (9-11 сынып)  оқушылары  қатысты. Үш кезеңнен тұратын байқауда топ жарған А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушылары: Құрманәлі Ақжан (жетекшісі: Жумагалиева К.Е.) І орынды жеңіп алып, І дәрежелі диплом, кітап және iPhone 14 Pro, Еркінбек Дәурен (жетекшісі: Турлыбаева А.М.) ІІ орын алғаны үшін ІІ дәрежелі диплом, кітап және Apple iPad Air 2022 бағалы сыйлықтарын иеленсе, байқауда "үздік жетіліктің" қатарынан көрінген 10 сынып оқушысы Тлекеева Айжан (жетекшісі: Абдильдинова Л.Б.) кітаппен, сертификатпен марапатталды.  Жетекшілерге "Алматы қалалық музейлер бірлестігінің" директоры Л.Сағындықова кітап және Алғыс хат табыс етті.






[media=https://youtube.com/shorts/0SSj90amd4I?si=xSW0cLvNrOn87WX4]