«Жаңартылған біліммен болашаққа» атты жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңартылған біліммен болашаққа» атты жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
11
қазан
2023

«Жаңартылған біліммен болашаққа» атты жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.

А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББМ/ КММ 09.10.2023ж «Жаңартылған біліммен болашаққа» атты жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Мақсаты: Жаратылыстану пәндерін оқытуда заманауи әдістерді қолдану және ақпараттық коммуникациялық технологияларды жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың  сауаттылығын арттыру, бәсекеге қабілетті, ғылыми көзқарасы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. 
 Ашылу салтанатында «Биология, химия, география, физика»  пәндері бойынша 11-сынып оқушыларының дайындаған қызықты сұрақтарына оқушылар жауап беріп,түрлі сыйлықтар алды. Эксперименттік тәжірибелер көрсетілді.
Атап айтқанда: химиядан  «Жалынның қолда жануы»  судағы еріген фериге шашқа жағатын лакты қосу арқылы, көбіктің лапылдап жануын көрсетті.
Биологиядан «Бананнан ДНҚ алуды», «Тұқымды бөлме температурасында ыдыста   3-4 күн ішінде жапырағы сабағын бар өркен алуды, «Жұмыртқаның сыртын сындырмай ашуды» көрсетті.
Физикадан  «Ас содасы мен сірке қышқылы реакцияға түсіп, көмірқышқыл газы бөлінудің» нәтижесінде  шардың үрленгенін көрсетті.
Географиядан: Электронды карталар MapInfo, InDriver, PokemonGo, Uber туралы мәліметтер айтылды. Біздің күнделікті тұрмысымызда қолданатыны туралы  айтылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсті.