“Химиялық элемент атомдары қасиеттерінің периодтағы өзгеруі” тақырыбында жас мамандарға ашық сабақ өтті. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Химиялық элемент атомдары қасиеттерінің периодтағы өзгеруі” тақырыбында жас мамандарға ашық сабақ өтті.
16
қаңтар
2024

“Химиялық элемент атомдары қасиеттерінің периодтағы өзгеруі” тақырыбында жас мамандарға ашық сабақ өтті.

16.01.2024 жылы А.Қарсақбаев атындағы 41 ЖББ мектепте "Ұстазы мықтының -ұстанымы мықты" атты тәлімгер ұстаздардың апталығының аясында 8 ”В” сынып оқушыларына химия пәні мұғалімі Джабалиева Манат Ахановна “Химиялық элемент атомдары қасиеттерінің периодтағы өзгеруі” тақырыбында жас мамандарға ашық сабақ өтті. 
Мақсаты: топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеруін түсіндіру, бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіндіру. Педагогтың шеберлігіне байланысты үй тапсырмасын “WordWall” әдісі арқылы сұралды. Сабақ өту барысында топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс жүргізілді. Сергіту сәті кезінде “қағаз оркестрі” тәсілін қолданды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сабақ барысында оқушылар элементтердің  өзгеру заңдылықтарын түсінді.