04
желтоқсан
2024
Біз отбасымызбен осындай құндылықтарды дәріптей отырып, кітап оқуға ерекше көңіл бөлеміз. Бала бойына жас күнінен кітап арқылы тәлім -тәрбие беру -ұлт азаматын тәрбиелеу деп білемін.
Кітап-ұлттығымыз мен ұлылығымызды дәріптейтін ұлы құрал. Кітап- кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса, кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек... Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен -ақ жан дүниесі керемет сезім баурап, кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып, күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса, ал кітаптағы әртүрлі жағдаяттардан автормен қоса, өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.Кітапты әрбір жас өскелең ұрпақ оқуға міндетті! Себебі кітап ой- өрісті дамытып қана қоймай, бізді болашаққа жетелейтін құнды дүние.
[media=https://youtube.com/shorts/t7KGETUix-4]
[media=https://youtube.com/shorts/t7KGETUix-4]