23
желтоқсан
2024
«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсында, ғылыми жоба жұмысы үздік танылып, жүлделі І орынмен марапатталды
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивы мен Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысып, Ұлы Отан соғысына кетіп, із-түзсіз жоғалған арғы атасы туралы «Ертеңнің өшпес үміт белгісіндей» атты ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Сатханбай Жансаяның жұмысы нәтижелі болды. Іздену барысында 79 жылдан кейін атасының Германиядағы (қазір Польшаға қайтарылған) Петрикау қаласында бауырластар зиратында жерленгенін тапты. Аталмыш байқауда осы ғылыми жоба жұмысы үздік танылып, жүлделі І орынмен марапатталды.