Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бақыт Досымовтың «Мейірбектің көгершіні» әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.
24
желтоқсан
2024

Бақыт Досымовтың «Мейірбектің көгершіні» әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.

Мектеп кітапханасында Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың иегері, белгілі балалар жазушысы Бақыт Досымовтың «Мейірбектің көгершіні»  әңгімелер жинағының таныстырылымы  өтті.
Автордың балаларға  арналған әңгімелері жан тазалығы мен шынайылықты насихаттайды. Шығармадағы кейіпкерлер табиғат тазалығын сақтауға, кітаппен дос болып білімге қызығуына және үлкендерді сыйлай білуге,өз қатарластарымен тату болуға үндейді. Аталған кітапқа автордың 23 әңгімесі енгізілген. Іс-шара аясында мектеп кітапханашысы  Алмагүл Дүйсенқызы автор шығармашылығын оқушыларға таныстырып,пікір алмасты. «Мейірбектің көгершіні» кітабына  шолу жасап,балалар өз ойларын ортаға салды.Мектеп кітапханасының  қоры жазушының 20 дана кітабымен толықты.




[media=https://youtube.com/shorts/2beSw852om0?feature=share]