Ақпарат » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қараша
2020

Ақпарат

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасымыз, егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көргендікке толы саясатының арқасы екендігі баршамызға аян.  Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек, елбасы  Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді. Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді.
«А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар жоғары деңгейде өтуде.
Мақсаты: Тұңғыш Президент, Елбасымыздың қазақ еліне сіңірген еңбегін бағалау, дәріптеу, оқушыларға тың ақпараттар беру.