Іс-шара » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қаңтар
2021

Іс-шара

Оқушыларға қысқы демалыс уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" атты кездесу өтті. 
Кездесу қонағы - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 69 кг салмақ дәрежесіндегі ҚР 5 дүркін жеңімпазы, Алматы облысының құрметті азаматы Азия чемпионатының жүлдегері Ермекбай Гаухар Оспанқызы.  Кездесу Zoom платформасы арқылы өтті. Кездесу барысында спортшы қонаққа ұстаздар мен оқушылар өздерінің спортқа қатысты көкейкесті сұрақтарын қоя отырып, қызықты сұхбат құрды. Спортшы өзінің спорттық жолы және тәжірибесімен бөлісті. Бұл кездесу оқушылардың дене тәрбиесіне қатысты танымын арттырды деп ойлаймыз.