Ерікті клуб » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2021

Ерікті клуб

А. Қарсақбаев атындағы № 41жбб мектептің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткзілген іс-шаралар және «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмысы.
     Мектебімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар жоспар бойынша  жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық мемлекетті қоғамның  дамуына тежеу болатын болашығына кесірін тигізетін індет. Осыған орай 2016 жылы 17 қыркүйектен бастап  №152 бұйрық бойынша 5-10 сынып арасында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды.Адал ұрпақ ұйымы Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін белгілейді.
Мақсаты: Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру.Олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті - мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту.
  Осы уақыттан бері мектебімізде Адал ұрпақ ұймымы өз жұмысын  жалғастыруда жемқорлыққа қарсы іс-шаралар адалдық сынып сағаттары жүргізілуде. Биылғы карантинге байланыста қашықтан оқыту барысында «Адал ұрпақ» клуб ұйымына қабылдау салтанаты онлайн түрде  ZOOM-платформасы арқылы жүргізілді. Ант қабылдау рәсіміне мектеп директоры қатысты. Ұйымға 310 оқушы қабылданды. «Адал ұрпақ» клубының саны – 1 «Адал ұрпақ» клубы мүшесінің белсенділер саны – 310 оның ішінде бастауыш сынып оқушылары-160 ал жоғарғы сынып оқушылары 150. Тұрақты негізде жұмыс істейтін адалдық дүкенінің саны – 1. Адал ұрпақ ұйымының жетекшісі мектептің аға тәлімгері Көбекова Гүлзат Рахымқызы ұйымның төрайымы  9«А» сынып оқушысы Шілдебай Әсел болып тағайындалды.
   «Адал сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында мектеп қызметкерлерімен жиналыс өтті.  Мақсаты:  «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның және мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін көтеру» пікірін негіздеу.
   2020 жылы күні әлемдегі індетке байланысты іс-шаралар қашықтықтан өтті. «Біз пара бермейміз және алмаймыз» атты тақырыбында 5-10 сыныптар арасында видео челлендж жасалды.
  2020 жылы 9-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін қосты. Ондағы мақсат жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымда қалыптастыру болуы тиіс.
Мектепте директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары  мен аға тәлімгері мектеп психологтары оқушыларға тәртіппен адалдыққа шақыратын тренингтер үнемі жүргізіліп отыр. Мектеп басшысы ұжыммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында үнемі жиналыстар өткізуде.

Похожие публикации:

04 қараша 2020 Адалдық сағаты
09 қазан 2020 Адал ұрпақ