Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Адалдық сағаты
04
қараша
2020
Адалдық сағаты
Қ.Р. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен бейнетүсірілім әзірленген. Аталған бейнеролик қоғамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны, әлеуметтік желілер арқылы оқушыларға парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Дөңгелек үстел
02
қараша
2020
Дөңгелек үстел
А.Қарсақбаев атындағы №41  мектепте 2 қарашада мектебіміздің Жас мамандар жетекшілері Мамедова Райхан Балаярқызы мен Егеубаева Гүлшат Ұласханқызының ұйымдастыруымен "Үйренейік, ізденейік, жас маман!" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Сабақ типологиясын зерттеп игерту. Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Дөңгелек үстел барысында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетіліп, жалпы
Жиналыс
31
қазан
2020
Жиналыс
31.10.2020 жылы Алматы қаласы, Алатау ауданы "А. Қарсақбаев атындағы №41ЖББМ" КММ -сінде ZOOM платформасында онлайн түрде кезекті директор жанындағы кеңес өтті. Отырыс барысында мектеп директоры Л.Б.Доланбаева қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдердің сабақ өтуде платформаларды тиімді қолдануы мен оқушылардың сабаққа қатысу белсенділіктері туралы айтып өтті. Күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.
Байқау
29
қазан
2020
Байқау
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 11"А" сынып оқушысы Мұқашева Жанбота  Алатау ауданы бойынша орта білім беру ұйымдарының қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 11сынып оқушылары арасында өткен "Жеті жұрттың тілін біл" байқауынан бас жүлдені жеңіп алып қалалық байқауға жолдама алды.
Қамқоршылар күні
29
қазан
2020
Қамқоршылар күні
Қазақтың жақсы қасиеттердің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. 29 қазан- Қамқоршылар күні. Бұл мерекеде қамқоршыларымызға ризашылық білдіру, қолдау. Осыған орай №41 жалпы білім беретін мектеп қамқоршыларымызға алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген қамқоршыларымызға шын жүрегімізден алғыс айтамыз. Әрдайым жадырап, денсаулықтарыңыз мықты болып, балалардың қызығын көре беріңіздер!
9 ай ішіндегі есеп
23
қазан
2020
9 ай ішіндегі есеп
21 қазан 2020 жылы мектеп ұжымы және ата-аналарға қашықтықтан онлайн форматында жиналыс өткізілді  Төмендегі ссылка бойынша толық ақпарат: https://drive.google.com/file/d/1UpP3VFIm2Aj3uSBM9zRJZwmhzUbZei5o/view?usp=sharing https://drive.google.com/file/d/1-IkUWWg08CbI-fuYWOJjMxjH0a532O3x/view?usp=sharing
Олимпиада
23
қазан
2020
Олимпиада
2020жылы 23 қазан күні "Алматы дарыны" орталығының қолдауымен  5-6  сынып оқушыларына жаратылыстану, ағылшын, математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен  аудандық олимпиада өтілді. Олимпиадаға А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектептен барлығы 43 оқушы қатысты. Соның ішінде математика пәнінен  5-сынып оқушысы Тілек Ерасыл, 6-сынып оқушысы Амралы Аслан, жаратылыстану пәнінен 5-сынып оқушысы Абжанова Инабат,қазақ тілі пәнінен 5-сынып оқушысы Умирзак Аружан, 6-сынып оқушысы
Семинар
21
қазан
2020
Семинар
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 14.10.2020 күні қалалық нарко орталығы маманы С.Кенесбайқызы 9,10 сынып оқушыларына " Есірткінің зияны" атты тақырыпта қашықтан семинар өткізді. Семинарға 85 оқушы қатысып, тың ақпараттар алды.
Әңгімелесу
21
қазан
2020
Әңгімелесу
15.10.2020 жылы Абдолла Қарақбаев атындағы  № 41 жалпы білім беретін мектепте  9 сынып қыз балаларына  "Қыз тәрбиесі-Ұлт тәрбиесі" атты тақырыбында қашықтан әңгіме жүргізілді.
Адал ұрпақ
09
қазан
2020
Адал ұрпақ
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 9.10.2020 жылы 1-11сынып оқушыларына "Адал Ұрпақ" еріктілер клубына ант қабылдау рәсімі өтті.