Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
6-7сыныптар арасында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Оралхан Бөкейдің шығармалары» бойынша дөңгелек үстел өткізді.
09
қазан
2023
6-7сыныптар арасында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Оралхан
06.10.2023жылы  Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: Темірболатқызы. Ж     6-7сыныптар арасында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Оралхан Бөкейдің шығармалары» бойынша дөңгелек үстел өткізді.  Мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірбаянымен, шығармаларымен таныстыру, дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау, ұлтжандылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу, өз елінің біртуар азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту.
5 "А" сынып оқушыларымен "Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл" тақырыбында ашық сынып сағатын өтті.
06
қазан
2023
5 "А" сынып оқушыларымен "Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері,
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Капсаланова А.К. және Акбергенова А.С.  5 "А" сынып оқушыларымен "Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл" тақырыбында ашық сынып сағатын өтті.   Мақсаты: ақпарат көздері арқылы Спандияр Көбеев шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту, әңгімелерінің мазмұны мен идеясын меңгерту, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде пайдалануын қалыптастыру
"Ұстазым менің, ұстазым" тақырыбында мектеп бітіруші түлектері мен мектебіміздің жас мамандарының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған мерекелік бағдарлама өтілді.
05
қазан
2023
"Ұстазым менің, ұстазым" тақырыбында мектеп бітіруші түлектері мен
Мектебімізде 5.10.2023 күні "Ұстазым менің, ұстазым" тақырыбында мектеп бітіруші түлектері мен мектебіміздің жас мамандарының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған мерекелік бағдарлама өтілді. Кешке  ардақты ұстаздарымыз,  зейнетке шыққан ұстаздарымыз қонаққа шақырылды.Ұстаздарымызға арналған ән-шашулар, марапаттар мен ыстық тілектер айтылып кеш жоғары деңгейде өтілді. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім –
"Мектептегі 1 күн" атты ҚР Гимнін орындау сәтінен челлендж
04
қазан
2023
"Мектептегі 1 күн" атты ҚР Гимнін орындау сәтінен челлендж
А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектепте "Бес күн- бес іс-шара"  аясында  7 "В" сыныбының ұйымдастыруымен "Мектептегі 1 күн" атты ҚР Гимнін орындау сәтінен челлендж өтті.   Мақсаты: 1. Оқушылар  сапта тұрып ҚР Гимнін нақышына келтіре орындау; 2. Оқушы бойына  Отанға деген патриоттық сезімін ояту.
Құрметті ұстаз қауымы!
04
қазан
2023
Құрметті ұстаз қауымы!
Сіздерді қазан айында аталып өтетін мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде деніңізге саулық,
«International Educational Fair2023» Халықаралық білім көрмесі
04
қазан
2023
«International Educational Fair2023» Халықаралық білім көрмесі
2023 жылы 2-7 қазан аралығында «Ali Groupx» білім және мәдениет, медиа компаниясының ұйымдастырумен  «Bilim» ЖШС бастамасымен    «International Educational Fair2023» Халықаралық білім көрмесіне А.Қарсақбаев атындағы №41ЖББ мектептің 10-сынып оқушылары жіберілді. Оқушылар мамандыққа байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Өте жоғары деңгейде өтті.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді.
02
қазан
2023
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша
02.10.2023 ж күні мектебімізде Алматы қаласы Дін  істері  жөніндегі басқармасының маманы (теолог) С. Адрахманов "Діни қызмет және діни  бірлестіктер туралы" Заңының 3,5 баптарына сәйкес білім алушыларға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді.  Мұндағы мақсат жастар арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу және оқушылар арасында профилактикалық жұмысын жүргізу.
"Қарттар күнін" ұлықтау
29
қыркүйек
2023
"Қарттар күнін" ұлықтау
Мектебіміздің білім алушылары "Қарттар күнін" ұлықтау  және оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында қарт ата-әжелерімізге оқушылырымызбен бірге құрмет көрсетіліп, жылы сөздер айтылды. Қарттарымыз аман, сау жүрсін. #управлениеобразованияалматы #монрк_отделобразования @edu.almaty @alatau_bilim_bolimi
"Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында эссе байқауы
29
қыркүйек
2023
"Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында эссе байқауы
Мектебіміздің 7 сынып оқушылары арасында "Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Мектепішілік өткен эссе байқауының жеңімпазы ауданға жіберілді. #управлениеобразованияалматы #монрк_отделобразования @edu.almaty @alatau_bilim_bolimi
Халықаралық қарттар күніне орай мектепте арнайы айлық жоспар
29
қыркүйек
2023
Халықаралық қарттар күніне орай мектепте арнайы айлық жоспар
01.10. 2023 ж. –Халықаралық қарттар күніне орай мектепте арнайы айлық жоспар құрылып, мектеп басшысымен бекітілді. Жоспарға сәйкес мектепте бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Ондағы мақсатымыз оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. #управлениеобразованияалматы #монрк_отделобразования @edu.almaty @alatau_bilim_bolimi