Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
" Өндірістік үздік жас маманы" номинациясының иегері
26
қыркүйек
2023
" Өндірістік үздік жас маманы" номинациясының иегері
Мектебіміздің жас маманы ағылшын тілі пәні мұғалімі Амантай Абай Әділұлы "Еңбек жолы" конкурсына қатысып, " Өндірістік үздік жас маманы" номинациясын иеленді. Осыған орай, Абай Әділұлы Астана қаласында "Hilton Astana"  ғимаратында өткен форумға қатысты.
"Жалпыға бірдей құқықтық білім беру. Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаты өтті.
26
қыркүйек
2023
"Жалпыға бірдей құқықтық білім беру. Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында
26.09.2023 ж. "Жалпыға бірдей құқықтық білім беру. Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты:  оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Оқушылардың адамгершілік, елжандылық, құқықтық сауаттылықтарын дамыту. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Ой-өрісін, дүниетанымын дамыту; еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа,
"Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты тақырыптағы Қазақстан халқына жолдауындағы айқындылықтар мен жаңа міндеттер жөнінде талқылау және түсіндірме жиналысы өтті.
25
қыркүйек
2023
"Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты тақырыптағы
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте мектеп басшысы Доланбаева Ляззат Бекбосынқызының ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты тақырыптағы Қазақстан халқына жолдауындағы айқындылықтар мен жаңа міндеттер жөнінде талқылау және түсіндірме жиналысы өтті.
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектептің 3- сыныптары арасында “ Тіл- татулық тірегі” атты сайыс өтті.
25
қыркүйек
2023
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектептің 3- сыныптары
Мақсаты: Оқушылардың оқу мәнерін,сөйлеу мәдениетін дұрыс қалыптастыру.Мақал – мәтелдер айтқыза отырып, танымдылық қабілетін  шыңдау, сөздік қорымызды молайту.
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектепте 4- сыныптар арасында “ Мемлекеттік тіл- менің тілім” атты сайыс өтті.
25
қыркүйек
2023
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектепте 4- сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін дұрыс меңгеру, дауысты өлеңнің мазмұнына сай баяу, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білуге машықтандыру . Балалардың дүниетанымын қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.
22.09.23 ж күні мектебімізде жалпы ата- аналар жиналысы өтілді.
22
қыркүйек
2023
22.09.23 ж күні мектебімізде жалпы ата- аналар жиналысы өтілді.
Жиналыстың мақсаты ата-аналармен бірлесіп, үштік одақ болып жұмыс жүргізу. Күн тәрбінде бірнеше мәселелер қозғалды. Атап айтсақ, жаңа оқу жылында білім алушылардың міндетті мектеп формасы, мектептің ішкі тәртібі, білім сапасы және құқықбұзушылықтың алдын алу жайында айтылып, хаттамаға жазылды. Ата-аналармен мектеп психологі жиналыс соңына қарай психологиялық тренинг жүргізді.
“Адал ұрпақ” клубының отырысы өтілді
22
қыркүйек
2023
“Адал ұрпақ” клубының отырысы өтілді
22.09.2023 күні  ДТІЖО А.Абдрахманованың ұйымдастыруымен “Адал ұрпақ” клубының отырысы өтілді. Отырыстың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.  1) рухани-игіліктілік пен азаматтық- патриоттықты  тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру; 2) білім алушылардың мемлекеттік үкімет  институттарына  сенімін арттыру; 3) білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру; 4) білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипатты игілікті-әдептік құндылықтарын  қалыптастыру.