Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Инклюзивті мектеп.Ерекше білім беруді қажет ететін балалар” тақырыбында семинар
04
қараша
2022
“Инклюзивті мектеп.Ерекше білім беруді қажет ететін балалар”
4- қараша күні А.Қарсақбаев атындағы 41 ЖББ мектепте бастауыш сынып мұғалімдері арасында “Инклюзивті мектеп.Ерекше білім беруді қажет ететін балалар” тақырыбында Байділдаева Жанна,Алдашева Шынаркүл семинар өткізді.                              Мақсаты:Мұғалімдерді ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс істеу әдісімен таныстыру.
Оқушылардың тамақтану нормаларымен таныстыру
04
қараша
2022
Оқушылардың тамақтану нормаларымен таныстыру
03.11.2022ж  А.Қарсақбаев атындағы №41жалпы білім беретін мектебінде №2 педагогикалық кеңесте әлеуметтік педагог Текебай Ұлболсын оқушылардың тамақтану нормасы және оқушылардан тамақтануға қатысты алынған сауалнама нәтижесімен таныстырды.
Бастауыш және орта буын  кезеңіндегі оқушылардың оқу үлгерімі мен бейімделуі
03
қараша
2022
Бастауыш және орта буын кезеңіндегі оқушылардың оқу үлгерімі мен
03.11.2022ж   А.Қарсақбаев атындағы №41жалпы білім беретін мектебінде, мектеп психологы Есенова Б.К Бастауыш және орта буын  кезеңіндегі оқушылардың оқу үлгерімі мен бейімделу сатысын зерделеудегі психологиялық жұмыс қорытындысымен таныстырды.
29 қазан "Қамқоршы күні"
28
қазан
2022
29 қазан "Қамқоршы күні"
       29-қазан «Қамқоршы  күніне» орай  қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық,   жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдылық бойларынан  табылып, оқушыларымызға қамқорлық көрсетіп,  жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық   сияқты асыл қасиеттерді сіңіріп, тәрбие беріп  отырған  2 оқушының қамқоршыларына алғыс хат пен тәтті сыйлық табысталды.  
«Бәрін тастада, кітап оқуды баста»  атты  кітап оқу акциясы
28
қазан
2022
«Бәрін тастада, кітап оқуды баста» атты кітап оқу акциясы
«Оқуға құштар мектеп жобасы аясында» мектеп кітапханасында  «Бәрін тастада, кітап оқуды баста»  атты  кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Шараға 2 «В» сынып оқушылары қатысып, ертегілер оқып, кітап көрмелерімен танысып, сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі» кітабынан ертегілер тыңдады.  Мақсаты: Кітап  оқуды насихаттау  және  оқуға  шақыру. Кітап  оқуға басшылық жасау. Оқушылардың  оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бірден бір  жолы –
Сауалнама нәтижесі бойынша білім алушылармен кері байланыс  5 сынып
24
қазан
2022
Сауалнама нәтижесі бойынша білім алушылармен кері байланыс 5 сынып
Мектебімізде қазан айында  5 сыныптар арасында "Тамақтану-оқушылар көзімен" атты тақырыпта сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша білім алушылармен сынып жетекшілер мен әлеуметтік педагогпен бірлескен кері жұмыс жасалды. Оқушыларға мектептегі сараптама комиссиясын таныстырып өтті. Атқаратын жұмысы, мақсат, міндеттері толық түсіндіріліп айтылды. Пайдалы тағамдар жайлы мәліметтер берілді.
«Қыран елім – Қазақстаным!»  атты  мәнерлеп оқу байқауы
22
қазан
2022
«Қыран елім – Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқу байқауы
Мектеп  кітапханасында  25 қазан – Республика күніне орай 10 сыныптың сынып жетекшілерімен бірлесіп кітапханашы  Кабдулкаримова Алмагүл  «Қыран елім – Қазақстаным!»  атты  мәнерлеп оқу байқауын  ұйымдастырды. Мақсаты: жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру,Қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау,қазақстандық патриотизмді  нығайтуға ықпал жасау,оқушылардың тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, шығармашылық қабілетін арттыру, ойлау қабілетін дамытып, патриоттық сезімін ояту.
Ата-ана тарапынан оқушылардың тамақтану сапасының қадағалануы
21
қазан
2022
Ата-ана тарапынан оқушылардың тамақтану сапасының қадағалануы
№41 ЖББ мектепте кезекші ата-ана бір реттік тегін ыстық тамақ бойынша оқушылардың тамақтану сапасына қадағалану жүргізілді. Тексеру барысында оқушыларды ас мәзірі бойынша тамақтандырды.Тамақтың  нормалары талапқа сай,мектеп асханасында санитарлық нормалар сақталған және оқушылардың дұрыс тамақтануына жағдай жасалған.
"Бір аспан астында" атты патриоттық әндер байқауы
20
қазан
2022
"Бір аспан астында" атты патриоттық әндер байқауы
19.10.2022жылы  А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары арасында республика күніне орай "Бір аспан астында" атты патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.