Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұзда жүру ережесін біле жүр тақырыбымен түсіндірме жұмыстары
21
қаңтар
2022
Мұзда жүру ережесін біле жүр тақырыбымен түсіндірме жұмыстары
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ-те 21.01.2022 ж күні 7-8 сыныптарға  мұздағы қауіпсіздік ережесі туралы "Мұзда жүру ережесін біле жүр тақырыбымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,   ақпарат берілді. Мақсаты: мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат беру: Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Көл бетіне шығуға асығуға болмайды. Бірінші мұз өте қауіпті.
«Қашықтан оқыту кезіндегі мектептегі тәрбие жұмысы» тақырыбында  әдістемелік кеңес
19
қаңтар
2022
«Қашықтан оқыту кезіндегі мектептегі тәрбие жұмысы» тақырыбында
А. Қарсақбаев атындағы №41 мектепте 2022 жылдың 19 қаңтар  күні «Қашықтан оқыту кезіндегі мектептегі тәрбие жұмысы» тақырыбында  әдістемелік кеңес өткізілді. «Қашықтан оқыту кезіндегі мектептегі тәрбие жұмысы» атты баяндаманы директордың тәрбие жұмысы  орынбасары А. Абдрахманова оқып таныстырса, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  Б. Бақтыбаева "Онлайн мектеп" платформасы, Kundelik.kz электрондық журналы бойынша өзгерістерге тоқталып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.
Мектеп директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызының ұйымдастыруымен онлайн форматта жиналыс
14
қаңтар
2022
Мектеп директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызының ұйымдастыруымен
14 қаңтар 2022 жылы А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызының ұйымдастыруымен онлайн форматта жиналыс өтті. Мақсаты: Білім сапасын арттыру талаптары мен 3-тоқсанның басталуындағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат беру; Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер: 1.    Электронды журнал (Kundelik kz) толтырудағы белгіленген тәртіппен толтыру; 2.    Алматы қаласы Бас санитарлық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы №1 қаулысымен таныстыра отырып,
Мектебіміздің бірінші сынып оқушыларының қысқы демалыс күні
30
желтоқсан
2021
Мектебіміздің бірінші сынып оқушыларының қысқы демалыс күні
Мектебіміздің бірінші сынып оқушыларының қысқы демалыс күнінің бірінші күні.  Демалыстарың сәтті өтсін балақайлар!
"ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауының жеңімпазы
30
желтоқсан
2021
"ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауының жеңімпазы
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауына қатысып, бірінші дәрежелі дипломмен  мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Фазылжанұлы Маулен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!
«Ұлтымыздың Ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі
30
желтоқсан
2021
«Ұлтымыздың Ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты тақырыпта виртуалды
А.Қарсақбаев атындағы мектептің кітапханасында  А.Байтұрсынұлының кітаптарын насихаттап, оқырмандарға таныстыру мақсатында  «Ұлтымыздың Ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамытып,кітап оқуға шықыру.
"ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандартқа сай қолдану бағытындағы жұмыстар" тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар
29
желтоқсан
2021
"ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандартқа сай
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының бағдарламасы бойынша "ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандартқа сай қолдану бағытындағы жұмыстар" тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өтілді.  
"Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауының жеңімпазы
28
желтоқсан
2021
"Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауының жеңімпазы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауына қатысып жеңімпаз атанған мектебіміздің алғашқы әскери даярлық пән мұғалімі Мырзахметұлы Фазылжан ағайымыз бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын!
11-сынып оқушыларының ата-аналарына "ҰБТ- 2022" атты жиналыс
27
желтоқсан
2021
11-сынып оқушыларының ата-аналарына "ҰБТ- 2022" атты жиналыс
Мектебімізде 27 желтоқсанда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбаева Бақжамал Қаламқызының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларының ата-аналарына "ҰБТ- 2022" атты жиналыс өтті. Жиналыс барысында ата-аналармен сұхбат болды. Тест нәтижелері талданып, тест тапсыру  талаптары айтылды. Мақсаты: ҰБТ туралы жан-жақты мағлұмат беру.