Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қазақстан менің Отаным» тақырыбында ашық сабақ
22
қараша
2021
«Қазақстан менің Отаным» тақырыбында ашық сабақ
2-қараша күні А.Қарсақбаев атындағы 41ЖББ мектепте онкүндік аясында Бабазова Зейнеп 2 « Г» сыныбында дүниетану пәнінен «Қазақстан менің Отаным» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге,үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керек екендігін түсіндіру. Отанымыздың  білікті де ,білімді азаматы болуға тәрбиелеу.Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру.
"Оur planet's. treasure" тақырыбында ашық сабақ
22
қараша
2021
"Оur planet's. treasure" тақырыбында ашық сабақ
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 2021жылдың 22 қараша күні жас маман - ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Өмірханқызы Аруна   4 "Ә" сыныбына "Оur planet's. treasure" тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты: Планетамыздың қазыналарына байланысты жаңа сөздермен танысу,грамматикалық тақырып “Артикльді”игеру, грамматикалық тапсырмалар орындау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын аттыра түсу. Мұғалім сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арртыра білді. Сабақ жақсы өтті.
"Ескі қорғандардың сыры" тақырыбында ашық сабақ
22
қараша
2021
"Ескі қорғандардың сыры" тақырыбында ашық сабақ
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 2021жылдың 22 қараша күні жас маман бастауыш сынып мұғалімі Абилкожаева Аружан  "Әдебиеттік оқу" пәнінен 4 "Д" сыныбына "Ескі қорғандардың сыры" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасату, шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды табу.
3 "В" сынып ата- аналарымен "Құндылықтардың адам өміріндегі рөлі" тақырыбында  семинар
20
қараша
2021
3 "В" сынып ата- аналарымен "Құндылықтардың адам өміріндегі рөлі"
20.11.21 күні А.Қарсақбаев атындағы 41 ЖББ мектеп мұғалімі Нүсіпжанова Бибігүл Сайлауханқызы 3 "В" сынып ата- аналарымен "Құндылықтардың адам өміріндегі рөлі" тақырыбында  семинар өткізді. Мақсаты: Адами құндылықтар жайында ой бөлісу,жеке құндылықтарға басты назар аудара отырып,оларды өзгертуге болатыны жайында пікірлесу. Ұлттық құндылықтар негізінде ұрпағымызды адалдыққа,елін сүюге тәрбиелеу.
“Күш” тақырыбында ашық сабақ
19
қараша
2021
“Күш” тақырыбында ашық сабақ
«А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» КММ  2021 жылдың 19 қараша күні жас маман - физика пәнінің мұғалімі Бақтыбай Нұрай 7 “А” сыныбына “Күш” тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты:  Күштің белгіленуін, өлшем бірлігін, бағытын біледі, мысалдар арқылы түсіндіре алады. Заңдылықтарды қолданып,есеп шығара алады. Мұғалім тиімді әдіс-тәсілдер пайдаланып, сабақты жоғары деңгейде өткізді
“At the right time” тақырыбына ашық сабақ
19
қараша
2021
“At the right time” тақырыбына ашық сабақ
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 2021жылдың 19 қараша күні жас маман -ағылшын пәнінің мұғалімі  Қорғанова Нұрсұлу 3"А" сыныбына “At the right time” тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: ағылшын тілінде уақытты дұрыс айтып үйрену, 1-ден 100-ге санай алу. Мұғалім сабақта АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып,  оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды. Сабақ өте жақсы өтті.
“Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” атты аудан мектептерінің арасындағы пікірсайыс турниріне қатысып,жүлделі 2-орын иеленген 9”Ә” сынып оқушысы Сүлеймен Аяулым
19
қараша
2021
“Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” атты аудан мектептерінің
Алатау аудандық білім бөлімі және № 178 мамандандырылған мектеп лицейінің ұйымдастыруымен  өткен “Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” атты аудан мектептерінің арасындағы пікірсайыс турниріне қатысып,жүлделі 2-орын иеленген 9”Ә” сынып оқушысы Сүлеймен Аяулымды шын жүректен құттықтаймыз🎉жетекшісі мектеп тәлімгері Бектеналы Камила Тұрсынбекқызы.
"Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем" тақырыбында ашық сабақ
19
қараша
2021
"Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы
А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектепте 2021ж 19-қараша күні онкүндік аясында бастауыш сынып мұғалімі Мамедова Райхан қазақ тілі пәнінен "Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем" тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты: Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану(нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).
Шұғайып Сезімханұлымен кездесу
19
қараша
2021
Шұғайып Сезімханұлымен кездесу
Мектебімізде онкүндік аясында 3 «З» сынып мұғалімі Талдыбаева Асем ақын Шұғайып Сезімханұлымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты: Оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстырып,ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға,елге және тілге деген сүйіспеншіліктерін ояту.
«Адамгершілік - асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаты
19
қараша
2021
«Адамгершілік - асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаты
19-қараша күні А.Қарсақбаев атындағы 41- мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кубетаева Мейрамхан            «Адамгершілік - асыл қасиет» тақырыбында сынып сағатын өткізді.  Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке,кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту.