«Бояулар құпиясы» байқауы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бояулар құпиясы» байқауы
10
сәуір
2023

«Бояулар құпиясы» байқауы

10.04.2023.«Бояулар құпиясы»  тақырыбында 1-4, 5-8, 9-11 сыныптар арасында сурет байқауы өтілді.
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. Басты мақсат – өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ талапты шәкірттердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталған болатын. Байқауды қортындылай келе, оқушыларға ұсыныстар айтылды, жақсы салынған суреттері бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталынды. 1-4 сыныптар арасында І орын 4Д сынып оқушысы Алихан Мадияр, 5-8 сыныптар арасында І орын 6Д сынып оқушысы Санат Жазира, 9-11 сыныптар арасында І орын 9Б сынып оқушысы Жақсылық Дария.