«Өз балаңа үлгі бол» » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2019

«Өз балаңа үлгі бол»

А. Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектепте 

8.09.2018 жылы сағат 10:00 де  «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық 

Ата-ана:  Өз балаңа үлгі бол» атты тақырыпта  бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету мақсатында Республикалық Ата-аналар конференциясы өтті. 

Бағдарлама бойынша қамтылған мәселелер: 

  • Мектеп директоры Л. Б. Доланбаева «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында сөз алды. Жалпы бағдарлама бойынша берілген мәселелерді толығымен қамтып, бірінші сынып ата-аналарына таныстырды.
  • Мектептің ағылышын тілі пәні мұғалімі А.Н.Абишова « Баланың ақпараттық қамтамасыз ету»  тақырыбында баяндама оқыды.
  • Мектептің тарих пәні мұғалімі  Б.Ж. Макашева « Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, слайдтар көрсетті.
  • Мектеп психологі жалпы конференцияның мақсатымен, міндетімен, отбасының құндылықтарымен және бірінші сынып оқушыларына қалай көмек көрсету қажет екендігін айтты.
  • Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Батырбек Айзада Батырбекқызы мектепте «Қамқоршылық кеңесі» бар екендігін ата-аналарға айтты. 

Қамқошылық кеңесті құрудың  бастапқы мақсаты , мектептің қажеттілігіне байланысты материалдық базасын кеңейтіп және оқушылардың әлеуметтік жағдайын нығайту болған еді.  «Қамқоршылық» кеңесі аясында  № kz 410704023609864001 нөмірінде 2017 жылы қараша айының 28-і күні   есепшот ашылған болатын.  Бірақ бүгінгі күнге дейін қаржы түспегенін тілге тиек етті.