Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңің иегері
23
қазан
2021
«Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Жамбыл Балжан туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау,  олардың шығармашылық қабілетін, Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында өтілген «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңіне қатысып, «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 3-орынды иеленді.
"2021 жылдың құсы -Бірқазан" суреттер мен қолөнер бұйымдарының  қалалық байқауы
22
қазан
2021
"2021 жылдың құсы -Бірқазан" суреттер мен қолөнер бұйымдарының
"Оқушылар сарайы" МКҚК Экологиялық -биологиялық бөлімі  басшылығымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  "Жас натуралист"ұйымында ұйымдастырылған "2021 жылдың құсы -Бірқазан" суреттер мен қолөнер бұйымдарының  қалалық байқауына оқушыларды дайындап, жүлделі  2-3  дәрежелі диплом және алғыс хаттар иеленгені үшін химия пәні мұғалімі Тузелбаева Б.Н  алғыс хатпен марапатталды.
2021-2022 оқу жылындағы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың, суицидтің, жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасалудың алдын алу
22
қазан
2021
2021-2022 оқу жылындағы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің
Мектебімізде 22.10.2021 ж күні 8-11 сынып оқушыларына 2021-2022 оқу жылындағы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың, суицидтің, жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасалудың алдын алу тақырыбында ДТІЖО А.Абдрахманова, мектеп инспекторы А.Мурзалиева, мектеп психологы Б.Есенова, мектеп медбикесі Н.Кенжесованың ұйымдастыруымен түсіндірмелі жұмысы жүргізіліп, білім алушыларға жаднамалар таратылды.
«Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту» тақырыбында коучинг
22
қазан
2021
«Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту» тақырыбында коучинг
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектептің бастауыш сыныптар пән бірлестігінде «Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту» тақырыбында коучинг өтті. Коучингтің мақсаты:Тәуелсіз елімізге тұлға болар ,талабы таудай, қабілет-қарамы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Осы тақырыпта Жанғожаева Гүлзакира Әпешқызының баяндамасын тыңдап, мұғалімдермен жұмыс жүргізді.
«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі»  атты байқауы
21
қазан
2021
«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» атты байқауы
А.Қарсақбаев атындағы 41 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі»  атты байқау өтті. Байқауға Абденбекова Мөлдір, Бекқазы Гүлзат, Мойтанова Гүлдана қатысты. Байқаудың мақсаты:  «Өзін-өзі тану» Рухани адамгершілік бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру.
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз"  аудандық іріктеу кезеңі
20
қазан
2021
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз" аудандық іріктеу кезеңі
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 20.10.2021 күні Алатау ауданы бойынша өткізілген "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" аудандық іріктеу кезеңіне  жас маман- ағылшын пәні мұғалімі  Қорғанова Нұрсұлу Төребекқызы қатысып, "Жаңашыл көзқарас" номинациясымен марапатталды.  Байқаудың мақсаты:  жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін  және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау , білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.  
"Кәсіби шебер ұстаз" наминациясы
19
қазан
2021
"Кәсіби шебер ұстаз" наминациясы
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 19.10.2021 күні Алатау ауданы бойынша өткізілген Педагогикалық идеялар фестивалі байқауына  география пәні мұғалімі  Байдилдаева Ж. Ж қатысып "Кәсіби шебер ұстаз" наминациясымен марапатталды.  Байқаудың мақсаты: мұғалімдердің озық педагогикалық идеяларын насихаттау.  
«Абыройлы ұстаз» атты мектепішілік байқау
19
қазан
2021
«Абыройлы ұстаз» атты мектепішілік байқау
      А.Қарсақбаев атындағы 41- жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары арасында «Абыройлы ұстаз» атты мектепішілік байқау өтті.       Байқауға Жанғожаева Гүлзакира Әпешқызы,Нүсіпжанова Бибігүл Сайлауханқызы,Саметова Жанат Шыңғысханқызы қатысты.       Байқаудың мақсаты:өз тәжірибесінде жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау,зерделеу,кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету,шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы
Республикалық Ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар жинағына жарияланған мақала
18
қазан
2021
Республикалық Ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар жинағына
Республикалық Ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар жинағына жарияланған мақаласы үшін А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ Кабдулкаримова Алмагуль Дүйсеновнаға сертификат берілді.
«Сынып психологиясын меңгеру және тиімді сабақ өтудің тәсілдері» тақырыбында    жас мамандарға психологиялық көмек көрсетіп,  қолдау мақсатында  әдістемелік-психологиялық ағарту жұмысы
16
қазан
2021
«Сынып психологиясын меңгеру және тиімді сабақ өтудің тәсілдері»
16.10.2021ж күні Алатау ауданы "А. Қарсақбаев атындағы №41ЖББМ"  «Сынып психологиясын меңгеру және тиімді сабақ өтудің тәсілдері» тақырыбында    жас мамандарға психологиялық көмек көрсетіп,  қолдау мақсатында  әдістемелік-психологиялық ағарту жұмысы өткізілді. Мақсаты:Жас мамандардың ұжым психологиясын меңгере алуы мен топтық оқуды тиімді жүргізудегі қарым-қатынас психологиясын тәжірибелермен үйренуіне көмек беру.Тренинг сабақты ұйымдастырып өткізген:мектеп психологы Есенова Б.К және жас маман