Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алғыс хат
16
қазан
2024
Алғыс хат
Құрметті Тезекбаева Турсынгуль Абдирасиловна “Қазақта қара сөзге дес бермедім” Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған Алматы қаласы Алатау ауданының мектеп оқушылары арасындағы өнер байқауына белсенді түрде қатысып өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие беруде өскелең ұрпақтың бойындағы азаматтық ұстанымын қалыптастырғаныңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін! “Нұрлы шуақ” қоғамдық қорының директоры С. Жиенбаев Алматы -2024
Министр "Оқуға құштар мектеп" жобасы, "Балалар кітапханасы" бағдарламасын іске асыруда елеулі жұмыс атқарған мектеп кітапханашыларын Алғыс хаттармен марапаттады.
26
сәуір
2024
Министр "Оқуға құштар мектеп" жобасы, "Балалар кітапханасы"
26.04,24 ж. күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевпен мектеп кітапханашыларының қатысуымен алқалы жиын өтті. Жиында министр Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасына кеңінен тоқталып, кітапхана мамандығының болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі ерекшелігін атап өтті. Министр "Оқуға құштар мектеп" жобасы, "Балалар кітапханасы" бағдарламасын іске асыруда
Тәжірибе алмасу алаңы
24
сәуір
2024
Тәжірибе алмасу алаңы
Қатысушылар:Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері Тақырыбы"Білім мен тәрбие берудегі ұлттық құндылықтардың рөлі" Мақсаты:Ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қосу
"ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы" тақырыбындағы VI педагогикалық оқуға  қатысып, қаладан жүлделі 2 орын иеленгері
26
наурыз
2024
"ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің
Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың наурыз айының 26-да Педагогтар арасында кәсіби шығармашылық қарым-қатынас орнату, тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибемен бөлісу, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және анықтау үшін арнайы алаң құру мақсатында ұйымдастырылған қалалық "ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы" тақырыбындағы VI педагогикалық оқуға 
185 мектептің 8 зерттеушісі Республикалық семинарда сабақ өткізіп,іс- тәжірибелерімен бөлісті.
15
ақпан
2024
185 мектептің 8 зерттеушісі Республикалық семинарда сабақ өткізіп,іс-
Қайырлы күн! 15.02 23 ж күні Алатау ауданының 8 шебері және 185 мектептің 8 зерттеушісі Республикалық семинарда сабақ өткізіп,іс- тәжірибелерімен бөлісті. Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Акмурзаева К.М мен Республикалық "Өрлеу" педагогикалық шеберлікті  дамыту орталығының директоры Кошкимбаев Ж.Ф   біздің шебер ұстаз Умралиева Эльмира апайға да “Алғыс хат" және іс- тәжірибесімен бөліскенін растайтын сертификат берді👍
"Бүкіл әлем менің сыныбымда" тақырыбында аудандық үздік сынып жетекшілер сайысы
04
желтоқсан
2023
"Бүкіл әлем менің сыныбымда" тақырыбында аудандық үздік сынып
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 02.12.2023 ж күні "Бүкіл әлем менің сыныбымда" тақырыбында аудандық үздік сынып жетекшілер сайысы өтті. Мақсаты: мектепте тәрбие жұмысының сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту, сынып жетекшісінің қызметін жүзеге асыратын педагогтерді кәсіби жетілдіру. Мектебімізден аталған сайысқа 5"А" сынып жетекшісі Қапсаланова Айгерім Құрманжанқызы қатысып "Шебер сынып жетекшісі" номинациясы бойынша дипломмен марапатталады.
«Жылдың үздік кітапханашысы» атты шеберлік байқауы өтті.
26
қазан
2023
«Жылдың үздік кітапханашысы» атты шеберлік байқауы өтті.
24-қазан кітапханашылардың кәсіби мерекесі. Осы атаулы мерекеге орай Алатау ауданының мектеп кітапханашылары арасында №210 мектеп-лицейінде «Жылдың үздік кітапханашысы» атты шеберлік байқауы өтті.  «Жылдың үздік кітапханашысы»  байқауының  жеңімпазы,  бас жүлде мектебіміздің кітапханашысы   Кабдулкаримова Алмагуль Дуйсеновна иеленді. Құттықтаймыз!  Жұмысыңызға табыс,  еңбегіңіз жана берсін
" Өндірістік үздік жас маманы" номинациясының иегері
26
қыркүйек
2023
" Өндірістік үздік жас маманы" номинациясының иегері
Мектебіміздің жас маманы ағылшын тілі пәні мұғалімі Амантай Абай Әділұлы "Еңбек жолы" конкурсына қатысып, " Өндірістік үздік жас маманы" номинациясын иеленді. Осыған орай, Абай Әділұлы Астана қаласында "Hilton Astana"  ғимаратында өткен форумға қатысты.