Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Кітапханашылар күніне орай марапат
15
қазан
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Кітапханашылар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Кітапханашылар күніне орай, ауданда патриотизм мен азаматтық идеяларды кеңінен насихаттауды және аудан тұрғындарын қазақ халқының сан ғасырлық көркем әдебиетін оқуға тарту және насихаттау бойынша жүргізіп жүрген жұмысы үшін А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ кітапханашысы Кабдулкаримова Алмагүл Дүйсеновна Алатау аудандық "NUR OTAN" партиясы филиалының бірінші орынбасары, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратының  алғыс хатпен марапаттады.
"Парасатты отбасы" байқауының жеңімпазы
14
қазан
2021
"Парасатты отбасы" байқауының жеңімпазы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдар арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған "Парасатты отбасы" байқауының кезеңдері  бойынша "Менің отбасым" тақырыбында бейнеролик әзірлеп І орынмен марапатталды.
"Үздік құжаттар топтамасы" аталымының жүлдегері
06
қазан
2021
"Үздік құжаттар топтамасы" аталымының жүлдегері
"Алғашқы әскери және технологиялық дайындық  пәнінің жаңартылған мазмұнда білім берілуі мен оқу-материалдық базасының жабдықталуы" бойынша өткен қалалық байқауда  "Үздік құжаттар топтамасы" аталымының жүлдегері А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ алғашқы әскери пән мұғалімі Мырзахметұлы Фазылжан марапатталды.
Алатау аудандық филиалы "NurOtan" партиясының марапаты
04
қазан
2021
Алатау аудандық филиалы "NurOtan" партиясының марапаты
Ұстаздар мерекесіне орай, "NurOtan" партиясының Алатау аудандық филиалының төрағасы А.Б. Қалдыбековтың атынан мектебіміздің директоры Л.Б.Доланбаева және партияның төрағасының бірінші орынбасары Ж.Алдамбергенқызының атынан бастауыш сынып мұғалімі Б.Нүсіпжанова, биология пән мұғалімі С.Брталаева марапатталды.
"Отбасы және жаңа технологиялар" эссе байқауы
16
қыркүйек
2021
"Отбасы және жаңа технологиялар" эссе байқауы
Отбасы күніне орай Алатау аудандық "Ұстаз" кәсіподағы жариялаған  "Отбасы және жаңа технологиялар" эссе байқауына белсене қатысып, жеткен жетістігі және белсенді қоғамдық жұмыстары үшін 41 жббм кәсіподақ ұйымының төрайымы А.О. Абдрахманова марапатталды.
М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған поэзия байқауы
16
қыркүйек
2021
М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған поэзия байқауы
Алматы қаласы "Оқушылар сарайы" туристік өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Поэзия! сен менімен егіз бе едің?" атты қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған поэзия байқауына қатысып, жүлделі І,ІІ орынға  иеленгені үшін А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектеп оқушылары  Нүсіпақын Али мен Нүсіпақын Медина марапатталды. Жеңістерің құтты болсын!
Алматы қаласы Алатау ауданының Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы Г. Сарыбаева алғыс хаты
08
қыркүйек
2021
Алматы қаласы Алатау ауданының Қорғаныс істер жөніндегі басқарма
2020-2021 оқу жылында қойылған тапсырмаларды орындау үшін, А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің алғашқы әскери  және технологиялық дайындық пән мұғалімі Фазылжан Мырзахметұлын Алматы қаласы Алатау ауданының Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы Г. Сарыбаева алғыс хатпен марапаттады. Марапаттау күні 08.09.2021 жыл. Құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі табыстары үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінен пәнінің мұғалімі Байқожаева Тілеулес Мұқамырқызын құ
27
тамыз
2021
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов
Жаңа оқу жылының қарсаңында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі табыстары үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінен пәнінің мұғалімі Байқожаева Тілеулес Мұқамырқызын құрмет грамотасымен марапаттады. Мектеп ұжымы үлкен жетістігімен құттықтайды. Білім беру жолындағы еңбегіңіз жана берсін!
"Алматы қалалық Әкімінің арнайы гранты" байқауы иегері
20
сәуір
2021
"Алматы қалалық Әкімінің арнайы гранты" байқауы иегері
Аудандық "Алматы қалалық Әкімінің арнайы гранты" байқауына қатысып, кәсіби шеберлігін таныта білген ІІІ орын иегері А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі Джабалиева Манат Ахановна марапатталды.
Марапат
09
сәуір
2021
Марапат
А.Қарсақбаев атындағы №41жалпы білім беретін орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Гүлшат Ерсінқызы Халықаралық орыс тілі мен әдебиет пәнінен ұстаздар арасында онлайн олимпиадасына қатысқаны үшін сертификатпен, llРеспубликалық"Кемеңгер ұстаз"олимпиадасына  ll дәрежелі дипломмен және сертификатпен, "Қош келдің Алтын күз" Республикалық жас таланттар байқауына оқушыларын қатыстырғаны үшін "Алғыс хатпен" марапатталды.