«Үздік белсенді лагерь»
Алматы қаласы Білім басқармасы Наурызбай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жазғы лагерьлер жұмысының қорытындысы бойынша №41 жалпы білім беретін мектеп жанындағы жазғы лагерь «Үздік белсенді лагерь» номинациясымен марапатталды! Бұл марапат – лагерь ұжымының тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, балаларға деген қамқорлығының жарқын нәтижесі. Жаз бойы оқушыларымыз үшін қызықты да мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың демалысын тиімді әрі көңілді өткізуге барлық жағдай