Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!
11
маусым
2026
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!
Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп 2026–2027 оқу жылына 1-сынып оқушыларын қабылдайды. 📍 Шұғыла ықшам ауданы, 340/38 📞 +7 747 461 1616 ✨ Балаңыздың жарқын болашағына бірге қадам жасайық!
Мектеп ашылуы
10
маусым
2026
Мектеп ашылуы
Алматы қаласы, Наурызбай ауданында жаңа білім ордасы ашылды. Жобалық қуаттылығы 1200 орынға арналған №41 жалпы білім беретін мектеп – заманауи талаптарға сай салынған жаңа оқу орны. 2026 жылдың 10 сәуірінде ресми ашылған мектепте бүгінде 1290 оқушы білім алуда.Бүгін мектептің ашылу рәсіміне Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Аралбаев Сәкен Жаббарұлы арнайы қатысып, өз лебізін білдірді.Мектеп толық заманауи жабдықталған: пәндік кабинеттер, зертханалар, компьютерлік сыныптар,
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
03
маусым
2026
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2026–2027 оқу жылына арналған Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына құжат қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті Ұлттық білім беру платформасы OQU (oqu.edu.kz), электрондық үкіметтің egov.kz порталы арқылы немесе қағаз түрінде тікелей білім беру ұйымына тапсыруға болады. 2026–2027 оқу жылында Алматы қаласы бойынша 215 мемлекеттік мектеп 1-сыныпқа қабылдау жүргізеді. Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі
🎓 Болашаққа бастар маңызды қадам!
19
мамыр
2026
🎓 Болашаққа бастар маңызды қадам!
18 мамыр күні мектебіміздің 9–10 сынып оқушыларымен Қазақ ұлттық қыздар университеті өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кездесудің мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, университеттегі білім беру бағдарламаларымен таныстыру, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы ақпарат ұсыну. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мамандық таңдау жайлы пайдалы мәліметтермен танысты. Кездесу болашаққа сенімді қадам жасауға үлкен
«Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар
13
мамыр
2026
«Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар
«Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар жоспары негізінде 12 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырып өткізді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың отбасы құндылықтары туралы ойларын дамыту, анаға деген құрмет пен отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікті насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды. Аталған байқауға оқушылар белсенді қатысып, өз шығармаларында отбасының адам
«Үлкенге құрмет — кішіге ізет».
11
мамыр
2026
«Үлкенге құрмет — кішіге ізет».
Менің әжем❤️ «Үлкенге құрмет — кішіге ізет». 5 «В» сынып оқушысы Ермеков Жанадидің әжесімен өткізген әрбір сәті — нағыз үлгі боларлық көрініс. Жанади тек сабақ оқып қана қоймай, бос уақытында әжесімен шахмат ойнап, зияткерлік сайысқа түскенді жақсы көреді. Әжесінің жылы құшағы мен ақыл-кеңесі ол үшін ең үлкен мотивация. Алтын уақытын жақындарына арнаған Жанадидің бұл бейнеролигінен мейірім мен шынайылықты көруге болады. ✨ Ата-әжелеріміз аман болсын!  
💧 Су – тіршілік көзі!
29
сәуір
2026
💧 Су – тіршілік көзі!
💧 Су – тіршілік көзі! №41 ЖББМ оқушылары табиғатты қорғау және су ресурстарын үнемді пайдалану тақырыбында маңызды мәселеге назар аударуда. Сырдария, Шу, Талас, Аса өзендері – еліміздің баға жетпес байлығы. Бұл өзендер тек табиғи ресурс қана емес, мыңдаған адамдардың өмір сүру көзі. Біз не істей аламыз? 🔹 Суды үнемдеп пайдалану 🔹 Табиғатты ластамау 🔹 Су көздерін қорғауға атсалысу Әрбір тамшы – болашақтың кепілі. Табиғатты бірге қорғайық! 🌱  
«Бейбітшілік – ел тілегі» атты бастауыш сынып оқушылармен мерекелік кездесу дөңгелек үстел басында ұйымдастырылды.
29
сәуір
2026
«Бейбітшілік – ел тілегі» атты бастауыш сынып оқушылармен мерекелік
28 сәуір, сағат 11:00 де Наурызбай ауданы Отбасылық оқу кітапханасыныда «Бейбітшілік – ел тілегі» атты бастауыш сынып оқушылармен мерекелік кездесу дөңгелек үстел басында ұйымдастырдық. Мақсаты: оқушыларға 1-мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні туралы толық мәлімет беру; Оқушыларды,бір-біріне достық қатынаста болып,ортаға деген сүйіспеншілік- терін арттырып,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға үйрету; Қазақстанда тұратын басқа да, ұлт өкілдеріне шынайы да, қайырымды болуға баулу; Мерекелік
Тыл ардагерлерімен кездесу.
28
сәуір
2026
Тыл ардагерлерімен кездесу.
 9 «Ә» сынып оқушылары тыл ардагері Оспанова Тыныштық апамен кездесіп, тағылымы мол жүздесуден әсер алып қайтты. Кездесу барысында апамыз өз өмір жолынан сыр шертіп, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Оқушылар үлкен ықыласпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жылы әңгіме өрбіді. Кездесу соңында оқушылар Тыныштық апаның батасын алып, рухани күш пен тәрбиелік мәні зор тағылымға кенелді. Осындай кездесулер жас ұрпақтың елге, тарихқа деген құрметін арттыратыны сөзсіз. Сынып жетекшісі:
“Салауатты жастар” орталығының маманы Дауренбекова Жаннұр Уалихановнамен кездесу өтті.
28
сәуір
2026
“Салауатты жастар” орталығының маманы Дауренбекова Жаннұр
 28 сәуір күні №41 ЖББ мектебінде “Салауатты жастар” орталығының маманы Дауренбекова Жаннұр Уалихановнамен кездесу өтті. Кездесу екі кезеңде ұйымдастырылды: 🔹 5-6-7 сынып оқушылары арасында 🔹 8-9-10 сынып оқушылары арасында Жиналыс барысында маман нашақорлықтың және ерте жүктіліктің алдын алу тақырыптарында маңызды баяндама жасап, оқушыларға пайдалы ақпараттармен бөлісті. 💬 Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді. Кездесу өте мазмұнды әрі тағылымды өтті. ✨ Осындай іс-шаралар
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722