Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар
13
мамыр
2026

«Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар

«Аналар күні» және «Халықаралық отбасы күніне» арналған іс-шаралар жоспары негізінде 12 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырып өткізді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың отбасы құндылықтары туралы ойларын дамыту, анаға деген құрмет пен отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікті насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды.
Аталған байқауға оқушылар белсенді қатысып, өз шығармаларында отбасының адам өміріндегі маңызы, ата-ана мейірімі, жанұядағы сыйластық пен татулық туралы әсерлі ойларын жеткізді. Әрбір эссе мазмұндылығымен, көркем тілімен және тәрбиелік мәнімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, қатысқан және жеңімпаз атанған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтылды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың отбасыға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге үлкен ықпал етеді.
 
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722