Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✨ «Бақыт мекені» лагеріндегі әр күн – жарқын әсерлерге, пайдалы білімге және көтеріңкі көңіл күйге толы! ✨
04
маусым
2026

✨ «Бақыт мекені» лагеріндегі әр күн – жарқын әсерлерге, пайдалы білімге және көтеріңкі көңіл күйге толы! ✨

Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Бақыт мекені» жазғы сауықтыру лагерінде тағы бір мазмұнды күн өтті! 🌞
Бүгінгі күнімізді сергітетін таңғы жаттығудан бастадық. Одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай лагерь тәрбиеленушілерімен челлендж-видео түсіріп, мерекелік көңіл күй сыйладық.
Сондай-ақ, балалармен Рәміздер күніне арналған сынып сағаттары өткізіліп, мемлекеттік рәміздердің маңызы мен қадір-қасиеті туралы әңгімелер жүргізілді. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Күннің екінші жартысында балалар қосымша сабақтарға белсене қатысты. Ағылшын тілі, дене шынықтыру және музыка сабақтарында жаңа білім алып, өз қабілеттерін шыңдады.
 
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722