04
маусым
2026
Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!
Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Абдулла Қарсақбай атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен патриоттық іс-шара ұйымдастырылып, Мемлекеттік Әнұран салтанатты түрде орындалды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге құрметті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – Тәуелсіз еліміздің айбыны мен мақтанышы. Әрбір азамат үшін рәміздерді құрметтеу – туған елге деген құрметтің белгісі.
Рәміздеріміз мәңгі жасай берсін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!