05
мамыр
2026
“Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі” атты ерлік және патриоттық сағат .
Кітапханамызда “Мықты әскер – Тәуелсіздік тірегі” атты ерлік және патриоттық сағат жоғары деңгейде өтті. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел қорғау жолындағы азаматтардың ерлігін дәріптеу және әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру болды.
🖇️Іс-шараға Наурызбай ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі инженері, аға лейтенант Құрманғалиев Қамбар Нұрланбекұлы, сондай-ақ осы саладағы инженер, аға лейтенант Дауенов Еламан Қамбарұлы және учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Есбол Коекеев арнайы қонақ ретінде шақырылды. Қонақтар өз қызметтері туралы кеңінен әңгімелеп, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқықтық тәртіптің маңыздылығы жөнінде пайдалы мәліметтермен бөлісті.
📌№41 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары шараға белсенді қатысып, қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Оқушылар әсіресе қызмет барысындағы қиындықтар, ерлікке толы оқиғалар және бұл мамандықты таңдаудың ерекшеліктері туралы білуге қызығушылық танытты. Қонақтар әр сұраққа нақты әрі мазмұнды жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.