06
мамыр
2026
«Терезе – қауіпті аймақ», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері», «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгін №41 ЖББ мектебімізде Наурызбай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі инженері, аға лейтенант Құрманғалиев Қамбар Нұрланбекұлы, сондай-ақ осы саладағы инженер, аға лейтенант Дауенов Еламан Қамбарұлы оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында 5,6 сынып оқушыларына «Терезе – қауіпті аймақ», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері», «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, сақтық шараларын күшейту және күнделікті өмірде дұрыс мінез-құлық қалыптастыру бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Жалпы, өткізілген іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, олардың өз өміріне жауапкершілікпен қарауына және қауіптің алдын ала білу дағдыларын дамытуға бағытталды.