Материалы за Қараша 2020 года » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қараша 2020 года
Семинар
27
қараша
2020
Семинар
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектепте 2020 жылдың 27 қарашасында «Сфера» платформасы бойынша Диас мырзаның басшылығымен семинар өткізілді. Мұғалімдер осы платформа жайлы ақпараттар алды. Сонымен қатар, ұсыныстарын да айтып өтті.
Сынып сағаты
24
қараша
2020
Сынып сағаты
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 24.11.2020 ж күні «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты тақырыпта 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты өтті.  Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Ақпарат
19
қараша
2020
Ақпарат
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасымыз, егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көргендікке толы саясатының арқасы екендігі баршамызға аян.  Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек, елбасы  Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді. Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан
Онлайн тренинг
11
қараша
2020
Онлайн тренинг
"А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ" КММ-де  11.11.2020 ж күні  ғылыми техникалық іс-шара жүргізілді. "Алғашқы роботтардың пайда болуы мен тарихы" атты тақырыпта онлайн тренинг өтілді. Мақсаты: Роботтардың шығу тарихын және олардың адам өміріндегі рөлін анықтау.  Тренингке 7"д" 7"б" 5"е" сынып оқушылары қатысты.
Ақпарат
09
қараша
2020
Ақпарат
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 9-20 қараша 2020 ж «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан өтті.  Мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайлылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамға балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.
Жиналыс
07
қараша
2020
Жиналыс
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 2020-2021 оқу жылында 05 қараша 07 қараша аралығында 1-11 сынып оқушылары ата-аналарына жиналыс өтті. Мақсаты:  Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамаса ете отырып, кәмелетке толмағандардың арасында   құқықбұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру. Күн тәртібінде: 1. І тоқсан бойынша оқу үлгерімі 2. Оқушылардың қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
Кездесу
06
қараша
2020
Кездесу
Кітап- адам жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі.  Мектебімізде  6 қараша күні "Кітаптар әлемінде" атты тақырыпта, "Ана" тілі газетінің бас редакторы, ақын Жандарбек Әшімжанмен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларымызға тағылымы мол, құнды ақпараттар берілді. Соңғы кездегі кітап құндылығы туралы сөз қозғалды.
Қосымша сабақтар
05
қараша
2020
Қосымша сабақтар
2020 жылдың 5 қараша күні Алматы қаласы Алатау ауданы А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ  әкімшілігі тарапынан 11-сынып оқушыларына сабақ беретін пән мұғалімдеріне   қосымша сабақтарға байланысты сабақ кестесін құрды. Бекітілген кесте бойынша пән мұғалімдері оқушылармен ҰБТ-ға байланысты   сабақтарын кесте бойынша  жүргізуде.
Адалдық сағаты
04
қараша
2020
Адалдық сағаты
Қ.Р. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен бейнетүсірілім әзірленген. Аталған бейнеролик қоғамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны, әлеуметтік желілер арқылы оқушыларға парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Дөңгелек үстел
02
қараша
2020
Дөңгелек үстел
А.Қарсақбаев атындағы №41  мектепте 2 қарашада мектебіміздің Жас мамандар жетекшілері Мамедова Райхан Балаярқызы мен Егеубаева Гүлшат Ұласханқызының ұйымдастыруымен "Үйренейік, ізденейік, жас маман!" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Сабақ типологиясын зерттеп игерту. Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Дөңгелек үстел барысында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетіліп, жалпы