"Жас Ұлан" ұйымы және 4-9 сыныптар арасында онлайн әңгіме жүргізілді » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас Ұлан" ұйымы және 4-9 сыныптар арасында онлайн әңгіме жүргізілді
13
сәуір
2021

"Жас Ұлан" ұйымы және 4-9 сыныптар арасында онлайн әңгіме жүргізілді

2021 жылдың сәуір айының 13 күні  А.Қарсақбаев атындағы №41ЖББ мектепте қашықтан «Тал егіп табиғатты аялайық!” атты тақырыпта мектебіміздің аға тәлімгерінің ұйымдастыруымен "Жас Ұлан" ұйымы және 4-9 сыныптар арасында "Zoom" платформасында әңгіме жүргізілді.  
Мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға, қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Мектебіміздің Ұлан басы Шілдебай Әсел табиғатты қалай қорғап таза ұстау жөнінде баяндама оқып, 3"Ә" сынып оқушысы Бектұрсын Мадина табиғат туралы өлеңін оқыды. Оқушылар табиғатты таза ұстау туралы өз ойларымен бөлісті.