"Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында тәлімгерлер мен жас мамандар слёті » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында тәлімгерлер мен жас мамандар слёті
27
қыркүйек
2021

"Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында тәлімгерлер мен жас мамандар слёті

Алматы қаласы Алатау ауданы "Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ"  2021жылдың  25 қыркүйек күні    мектебімізде жас мамандар жетекшісі Мамедова Райхан Балаяровнаның ұйымдастыруымен   "Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында тәлімгерлер мен жас мамандар слёті өтті .
Мақсаты: Жас мамандарды ұстаздар қатарына қабылдау. Жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау; Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту .Жас  мамандар слетін алғашқы құттықтау сөзімен мектеп директоры Доланбаева Ләззат Бекбосынқызы ашты.   Педагогтердің IT-құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру мақсатында  информатика пәнінің мұғалімі Артіскүл Аскеровна өз тәжірибесімен бөлісіп, "Kundelik.kz жүргізілуі " тақырыбында  электронды күнделікті толтырудың қыр-сырын   көрсетті.  Іс-шараның өту барысында  мектеп  әкімшілігі және тәлімгерлер үлкен ұстаздық өмірге қадам басқан жас  мамандарды құттықтап,жылы лебіз, тілектерін  білдірді.