02
қазан
2021
Мектеп Парламенті фракциялар көшбасшыларының алғашқы жалпы жиналысы
02.10.2021 ж мектеп директорының қатысуымен Мектеп Парламенті фракциялар көшбасшыларының алғашқы жалпы жиналысы өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесіне әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Жиналыста парламент мүшелерінің атқаратын жұмыстары мен міндеттері талқыланып, жұмыс жоспарлары бекітілді. Жоспарға сай сапалы жұмыстар жүргізу тапсырылды.