«Томирис » киносын көріп, талқылау » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Томирис » киносын көріп, талқылау
03
қараша
2021

«Томирис » киносын көріп, талқылау

Күздік демалысты күнтізбелік жоспарлауға сәйкес 5-9 сыныптар арасында Кино күні “Фильм!Фильм!Фильм!”өткізілді.
9 сынып оқушыларымен «Томирис » киносын көріп, талқылады. 

Мақсаты: Cақ патшайымы Томириcтың ерлігі туралы түсінік қалыптаcтыру.
Oтанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Тәуелсіздікті құрметтеуге баулу.
Томирис (Тұмар) ханша (ж. ж. с. д. 570 - 520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі.
Томирис - ел басқарушы тұлға Тұмар (Томирис) патшайым. Тұмар 5 жастан бастап ер - тоқымға отырған. Ол садақтан атуды ерте үйренген.
Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж. ж. с. д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.
Томирис кім?
Томириc не үшін шайқасты?
Томирис қандай болған?
Кир патшаныың сақтарға жорық жасаудағы басты мақсаты қандай?
Сақ патшайымы Томириске Кирді жеңуі үшін қандай қолайсыз жақдай түрткі болды?
Оқушылар кинодан алған әсерлері мен, өз ойларын айтты.