«Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпион» тақырыбында мектеп кітапханасында онлайн көрме » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпион» тақырыбында мектеп кітапханасында онлайн көрме
26
ақпан
2021

«Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпион» тақырыбында мектеп кітапханасында онлайн көрме

Үшкемпіров Жақсылық  Әмірәліұлының 70 жылдығына арналған «Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпион» тақырыбында мектеп кітапханасында онлайн көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақстанның тұңғыш олимпиада жеңімпазы  Ж.Үшкемпіров туралы оқушыларға жан -жақты таныстыру.
Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтуға тәрбиелеу, еліміздің атақты спортшыларын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жақсылық Үшкемпіров – қазақ халқының біртуар ұлы, грек –рим күресінің балуаны, спорт шебері. Ол бүкіл әлемдік күрес жарыстарында ел намысын қорғаған. Қазақтың бұл балуаны 1951ж 6 маусымда Жамбыл облысындағы Тегістік аулында туған. Ол осы бір шағын ауылда бала күнінен бастап спортпен шұғылданды. Жас спортшы өз өмірін грек-рим күресіне арнады.
Жақсылық Үшкемпіров -1980 ж Мәскеу Олимпиадасында алтын медаль иеленген чемпион. Сол кезде боз кілемде өз өнерін көрсеткен балуан Кеңес Одағының екі дүркін чемпионы атағын алған. Осы атақтары балуанның атын әлемге танытты. Қазір ол –зейнеткер. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.Міне, осындай спорттағы жетістіктері үшін ол «Құрмет белгісі»орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды.
Қазіргі таңда қазақ күресі қарқынды дамып келеді. Себебі, осы спорт түрімен жас ұрпақ жүйелі түрде айналысып жатыр. Сондықтан, бүгінгі буын өкілдері атақты спортшылардың өмірі мен жеткен жетістіктері туралы  оқып танысқаны абзал.

Похожие публикации:

10 ақпан 2021 Поэзия кеші
05 қаңтар 2021 Іс-шара
06 қаңтар 2021 Іс-шара
19 қараша 2020 Ақпарат