Поэзия кеші » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ақпан
2021

Поэзия кеші

А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім  беретін мектебінде Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты поэзия кеші өтті. 
Мақсаты: 
1. Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. 
2. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау.
3. Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. 
4. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.
Мерекелік кешке Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, аудармашы, журналист Исәділ Алмат Мұратұлы қатысып, өзінің ізге тілегімен бөлісті. Поэзия деген құдіретті өнерді бағалап жүрген оқушылар Мұзабалақ ақынның
жыр шумақтарын оқыды. Айтажанова Альбина, Иманбек Аянат, Утепбергенова Айшолпан өз шығармашылығынан ақынға деп шығарылған арнау-өлеңдерімен бөлісті.

Похожие публикации:

05 қаңтар 2021 Іс-шара
06 қаңтар 2021 Іс-шара
07 желтоқсан 2020 Іс-шара