1-наурыз алғыс айту күні » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-наурыз алғыс айту күні
26
ақпан
2019

1-наурыз алғыс айту күні

А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныптарға 26.02.2019 ж. 1-наурыз алғыс айту күніне орай сынып сағаттары өтілді. Сынып сағатының мақсыты- қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін ілгерілету, бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері мекен ететін Отанымыз- Қазақстан халқының рухани дамуы мен ортақ тарихымызды қастерлеуге бағытталған шараларды дамыту. Нақтырақ айтқанда, ұлттық мәдениетіміз бен тарихи- мәдени құндылықтарымызды жете насихаттау арқылы- жас ұрпақтың бойында төл тарихымызға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.Сондықтан бұл сынып сағатында оқушылар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерін  ешкімнен ешқашан аямау крек екенін түсінді.