Балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» әңгімесі бойынша пікір алмасу » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» әңгімесі бойынша пікір алмасу
30
қараша
2021

Балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» әңгімесі бойынша пікір алмасу

Мектебімізде  балалар жазушысы  Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити»  әңгімесі бойынша пікір алмасу  ұйымдастырылды.
Мақсаты: Президент ұсынған -30 әлем  және қазақстандық авторлардың кітаптарын оқуға шақыру, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Тәуелсіздік –әрбір азаматтың іргелі құндылығы. «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына -30 кітап» «Бір ел – бір кітап» акциясына поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма сынды бес жанр бойынша 30 кітап таңдалған.
Оқушылар әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беріп өз ойларын ортаға салды. Кітап-өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс.Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес.Тәуелсіз елдің жастарының  білімге ұмтылуы және еңбекқорлық әл-ауқаттың  кілті болмақ.