Алатау ауданының мектептері арасында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау ауданының мектептері арасында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауы
28
қазан
2021

Алатау ауданының мектептері арасында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауы

Алатау ауданының А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектептің кітапхана меңгерушісі Кабдулкаримова Алмагүл Дүйсенқызының ұйымдастыруымен Алатау ауданының  мектептері арасында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты  республикалық балалар оқулары байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушыларды кітап оқуға баулу, оқу сауаттылығы мен көркем әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру. Байқауға   аудан мектептерінен  іріктеліп  алынған №14,№41,№82,№91,№149,№185,№196,№201 мектептердің  командалары қатысты. Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған келесі кітаптардың мазмұны бойынша өтті.«Сиқырлы жұлдызша»Атамекен сиқырлы елінің аңыздары», Сиқырлы қазғыш-таяқша»,«Қазақстан еліне сиқырлы саяхат», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Барлық  командаларғы ұсынылған кітаптар бойынша сұрақтар қойылып,топ басшылары өздері оқыған кітаптарын қорғап сұрақтарға жауап берді. Сұрақтарға тез, дұрыс жауап берген топтар арасынан жеңімпаздар анықталып №41,№91,№149,№201 мектептердің топ мүшелері финалға жолдама алды.